1 мамырда Павлодардың шағын аудандарында кішігірім жәрмеңке өтеді

1 мамырда Павлодардың шағын аудандарында кішігірім жәрмеңке өтеді

Сауда қаланың үш бөлігінде жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан халқының бірлігі күні павлодарлықтар өнімдерді арзандатылған бағамен сатып ала алады. Қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің мәлімдеуінше, үш шағын ауданда кішігірім жәрмеңке өтеді. 

Өнімдерді Усолка шағын ауданында Бекхожин көшесі, 15\1 – «Көктем» базарында, Химқалашық шағын ауданында – Айманов көшесі, 46, «Полина» базарында сатып алуға болады. Тағы бір сауда алаңы Малайсары батыр көшесі, 27 мекенжайында орналасады.

Шағын жәрмеңкелер сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңкелерді көкөніс, ет, бірінші санаттағы жұмыртқа, ірімшік, сүт өнімдері, шұжық, бал сатылады. Өнімдер тұрақтандыру қорынан жеткізілетін болады.

Фото: Ольга Бугаева