Шыбын-шіркеймен күрес: Павлодар облысында өңделетін аумақтар көлемі артады
Алдағы үш жылға дезинсекциялық шараларды өткізуге тоғыз миллиард теңге қажет, деп хабарлады @Pavlodarnews.kz.
Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Әйгерім Қабылтаева 2024-2026 жылдары шыбын-шіркейге қарсы жұмыстың ретін айтып берді.
– Мемлекеттік сатып алу порталында қансорғыш жәндіктерге қарсы дезинсекциялық жұмыстар жүргізу бойынша қызметтер үшін конкурс ертерек жарияладық. Лоттың сомасы қосымша құн салығынсыз 7,8 миллиард теңгені құрайды. Бір жылға үш миллион теңге шамасында жұмсалады. Өткен жылдың тәжірибесі көрсеткендей үш жылдық келісімшарт өңдеу жұмыстарының тиімділігіне оң әсерін тигізеді, – деді ол.
Оның сөзінше, облыста авиаөңдеу аумағы 2021 жылмен салыстырғанда 4,5 есеге немесе 100 мың гектарға артады. Бұрын төрт авиаборт шықса, келесі жылдан бастап олардың саны сегізге дейін ұлғайтылады. Өзенді шіркей дернәсілдерінен қарсы өңдеу үш кезеңде 1,5 есеге артады. Былтырғы атқарылған дизенсекциялық жұмыстардың тиімділігі 90 пайызды құрады.
– Масалардың дернәсілдеріне қарсы 127 мың гектар жайылманы авиациялық өңдеуден өтеді. Оған Павлодар, Ақсу қалаларының, Ақтоғай, Тереңкөл және былтыр болмаған Павлодар мен Ертіс аудандарының жайылмасы кіреді, – деді Әйгерім Қабылтаева.
Павлодар мен Ертіс ауданының рельефтердің төмен болуына байланысты жайылымдарда су басу ұзаққа созылады. Осыған орай Ертіс өзенінің негізгі арнасына кіру мерзімі ұзақ болғандықтан шыбын-шіркей дернәсілдерінің дамуына қолайлы орта болып табылады. Сондықтан да олар алдағы үш жылдық жоспарға енді.
– Ал шіркейдің дернәсілдеріне қарсы Ертіс өзенінің негізгі арнасы 1800 километр мен салаларының барлық бойлығын биологиялық препаратпен үш реттік өңдеуді жүргізеді. Ал 15 мың гектар жер аумағында қансорғыш жәндіктердің қанаттанған түріне қарсы тосқауылдық өңделетін болады, – деді спикер.
Әзірге үш жылдық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мердігерді анықтау бойынша конкурстық рәсімдер жүруде. Басқарма басшысының айтуынша, өтінімдер әлі түскен жоқ.