Тереңкөл ауданында еріктілер жағалауды тазалаудан жарысты
Тазалық шарасы кезінде көбінесе пластик бөтелкелер кездескен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған «Таза Қазақстан» акциясына Тереңкөл ауданы қосылды. Эко-шара плоггинг түрінде өтті - қатысушылар Ертіс жағалауын белгіленген уақытта жылдам тазалауға тырысты.
Бірнеше сағаттың ішінде аудан тұрғындары ондаған қапшық пластик бөтелкелер мен басқа да қалдықтарды жинап алды. Аграрлық техникалық колледж студенттері де белсене қатысты.
Акцияның басты мақсаты – қоршаған ортаның ластану мәселесіне халықтың назарын аудару, қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыру.