Павлодарды көгалдандыруда қандай ғылыми тәсілдер қолданылады?

Павлодарды көгалдандыруда қандай ғылыми тәсілдер қолданылады?
Фото: Константин Шелков

Қалада ағаштардың жаңа партиясын отырғызу басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының әкімі экологтармен өткен сенбілікте өткен жылғы көшеттердің жерсінуі мен көгалдандыруға деген көзқарасты өзгерту қажет пе екені жайлы мәселені талқылады. Ғылыми қолдау өкілі Татьяна Пономареваның айтуынша, мамандар 2024 жылы отырғызылған ағаштарды тексерген. Оның басым бөлігінің жағдайы жақсы, бірақ аздап зақымданған. Алдын ала жүргізілген сараптама 100 пайыз жерсінгенін көрсеткен, бірақ нақты көрсеткіш 2-3 аптада анықталады.

Мамандар кішкентай жапырақты жөке ағашына ерекше назар аударады, себебі басқа жерге отырғызғанда немесе кескенде төзімді болса да, жерсіну кезеңінде белгілі бір күтім мен тынайтқыштарды қажет етеді.

Аймақ басшысы талқылау барысында қызмет көрсету сапасын бақылау және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің құзыреттілігі мәселесіне тоқталды.

– Мен барлық қызметкерлерден біліктілікті талап етемін. Көгалдандыруға жауапты болсаңыздар, отырғызу технологиясынан бастап тыңайтқыштардың құрамына дейін бәрін білу керек, – деп баса айтты Асайын Байханов.

Павлодарда қалалық саябақтар мен скверлерді қайта құру жоспарына сәйкес ірі ағаштарға басымдық беріледі, бұл – тамыр жүйесі дамыған жетілген көшеттер. Мамандар 360 түп ағаш отырғызып, алдағы уақытта тағы 640 түп отырғызуды жоспарлап отыр.

Тамырдың дамуын ынталандыру үшін өсімдіктер инновациялық препараттармен қоректенеді. Олардың бірі микробалдырларға негізделген кешен: хлорелла және хламидомонадалар. Бұл организмдер топыраққа еніп, белсенді дамып, топырақ құрылымын жақсартады, тұздылықты азайтады және тамыр өркендерінің өсуін ынталандырады.

Біз органикалық тыңайтқыш концентратын қолданамыз,  бұл – ағашты нәрлендіріп қана қоймай, тезірек бейімделуге көмектесетін сұйық түрі, – деп түсіндірді Татьяна Пономарева. – Препараттар сумен сұйылтылады және көшеттер суарылады. 

Бұл технология Металлургтер алаңында қолданылады. Мұнда жан-жақты тәсіл қолданылады: отырғызатын орынның тереңдігі, тыңайтқыштар, микробалдырлар және тұрақты суару.

Биолог қала тұрғындарының ағаштарды ағаштардың кесуге қатысты жиі наразылық білдіретінін ескере отырып,  қайта құру –  жай ғана көгалдандыру емес, ағаштардың сыртқы түрімен қатар ішкі жағдайы, жасы, тұрақтылығы, эстетикалық және экологиялық құндылығы бағаланатын күрделі процесс екенін атап өтті. 

Бектұров көшесіндегі көптеген ағаштардың жасы 60-тан асқан. Олар сыртқы жағынан өте жақсы көрінуі мүмкін, бірақ ішінде шіріген немесе зақымдалған ағаштар жиі кездеседі. Экологтардың айтуынша, қалалық орта табиғи ортамен салыстырғанда агрессивті болады. Ластану, тамырлардың шектеулі кеңістігі, жолдарға жақындығы, механикалық зақымдануы және ылғалдың болмауы – мұның бәрі өсімдіктердің тіршілігін қысқартады.

– Біз аллеяны іріктеп қалпына келтіре алмаймыз. Егер біз оның эстетикалық тұрғыдан әдемі, біркелкі және үйлесімді болуын қаласақ, бәрін қайтадан отырғызу керек. Егер бүгін кейбір ағаштарды қалдыратын болсақ, бірнеше жылдан кейін оларды әлі де алып тастау керек, бұл көшенің тұтастығын бұзады. Кейбір ағаштар жас болады, басқалары кәрі, кейбіреулері қысқа, кейбіреулері ұзын болады. Яғни, эстетика мен біркелкілік болмайды, – деп түсіндірді Татьяна Пономарева.

Жасыл аумақтарды қалпына келтіру –  қалыпты жағдай. Дәл осындай үдерістер қазір Қазақстанның көптеген қалаларында және ТМД елдерінде жүріп жатыр. Өйткені, жаппай ағаш отырғызу бір уақытта жүргізілсе, қуарып тозуы да бір мезгілде жүреді.

Биолог электрмен жабдықтау қызметтері мен  көгалдандыруа жуапты тұлғалардың арасында орын алуы мүмкін келіспеушілікті ескере отырып, жөке ағашы  төзімдірек келеді деп сендірді. Бұдан басқа, болашақта желілерді ауыстыру немесе жер астынан өткізу жұмыстары жүргізілуі мүмкін.