Павлодар орманшылары табиғаттың «айлакерін» фототұзаққа ұстады

Павлодар орманшылары табиғаттың «айлакерін» фототұзаққа ұстады
Фото: pexels.com / Pixabay

Орманшылар түсірген бейнежазбамен «Ертіс орманы» қызметкерлері әлеуметтік желіде бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мамандардың айтуынша, түлкілер өздерінің ақылдылығымен, икемділігімен және бейімделгіштігімен танымал.

– Олар ормандарда, далаларда, тіпті адамдарға жақын жерлерде өмір сүре алады. Бұл керемет кадр – табиғаттың бізге ұсынған ерекше сәттерінің бірі. Әрбір фотосурет жануарлар әлемінің сұлулығын бағалап, оны қорғау қажеттілігін еске салады. Табиғатты сақтайық, оның әрбір тұрғыны ерекше әрі құнды, – дейді «Ертіс орманында».

Еске сала кетейік, осы жылдың қыркүйек айында орманшылар фототұзақ арқылы бұландарды да түсірген еді. Жануарлар жасанды суатқа шөлдерін қандыруға келген болатын.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Ргу Глпр Ертіс Орманы (@ertisormany_2003)