Спорт пен қамқорлық: Павлодарда балаларға арналған қайырымдылық турнир өтті

Спорт пен қамқорлық: Павлодарда балаларға арналған қайырымдылық турнир өтті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды қолдау жөніндегі өңірлік орталықтың тәрбиеленушілері қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы полиция департаментінің қызметкерлері «Ақ Барс» шағын футбол командасының қолдауымен орталық тәрбиеленушілері үшін спорттық турнир ұйымдастырды. Спорттық мереке балаларға өздерін көрсетуге, жағымды эмоция сыйлауға мүмкіндік берді.

Орталықтың ең кішкентай тәрбиеленушілеріне Павлодар қаласы ювеналды полиция тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Руслан Сүлейменов боямақ кітапшаларды табыстады. Ойын түрінде әзірленген бұл кітапшалар балаларға жолда және қоғамдық ортада қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелерін үйренуге, сондай-ақ сақтықты қажет ететін түрлі жағдайларға назар аударуға көмектеседі.

Спорттық жарыстардан кейін балаларға арнап дастарқан жайылып, шай ұйымдастырылды.

Сол күні полиция департаментінің қызметкерлері облыстық балалар психоневрологиялық әлеуметтік қызметтер көрсету орталығына да барды. Аталған мекеме тәрбиеленушілеріне қауіпсіздік ережелеріне арналған боямақ кітапшалар сыйға тартылды.

– Біз үшін бірде-бір баланың назардан тыс қалмауы маңызды. Әрбір баланың қамқорлық пен қолдауға құқығы бар. Әсіресе, балаларға ерте жастан қоғамдағы ықтимал қауіптер, қауіпсіз жүріс-тұрыс ережелері және түрлі жағдайларда қалай әрекет ету керектігі туралы түсіндіру аса маңызды. Барлығымызға ортақ міндет – әрбір баланың өзін қорғалған сезінуіне, өз құқықтарын білуіне және жеке қауіпсіздігін сақтай алуына жағдай жасау, – деді Павлодар облысы полиция департаменті ҰПН басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Ирина Тимиргалиева.

Павлодар облысының полиция департаменті барлық оқушылар мен студенттерге жаңа оқу жылында табыс, жарқын жеңістер мен жаңа жетістіктер тілейді.