Павлодарлық спортшы Жапонияда өткен веложарыста жеңімпаз атанды

Павлодарлық спортшы Жапонияда өткен веложарыста жеңімпаз атанды
procyclingstats.com

Турнир үш күнге созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар жоғары спорт шеберлігі мектебінің түлегі Андрей Зейц Тour de Kyushu көпкүндік халықаралық веложарысында топ жарды. Жарыс Жапонияның Хита қаласында өтті. Бірінші кезеңде павлодарлық 144 шақырымды 17-ші болып еңсерсе, екінші кезеңде 107 шақырымда Андрей Зайц жеңімпаз атанды. Ал 130 шақырымда мәреге 12 – ші болып жеткен жерлесіміз үш кезеңнің қорытындысы бойынша халықаралық веложарыстың жеңімпазы атанды.

Андрей Зайц барлық қашықтықты 9 сағат 13 минут 30 секундта жүріп өтіп, рекорд орнатты. Екінші орынға Қазақстан құрама команданың тағы бір өкілі - итальяндық Антонио Нибали тұрақтады. Ал үшінші орынға  австралиялық Уильям Эвес ие болды.

- Тағы да біздің команда керемет жұмыс жасады. Негізгі мақсат – жейдені қорғау мақсатымыз орындалды. Мен бұл жеңіске өте қуаныштымын. Бұл мен үшін көп нәрсені білдіреді. Сондай – ақ, біз Антонио Нибалимен өз орындарымызды сақтап, Astana Qazaqstan Team командасын финалдық подиумда бірге таныстырғанымызға қуаныштымын, - деді Андрей Зейц.

Айта кетелік, Tour de Kyushu–да қазақстандықтар алғаш рет жеңіске жетіп отыр.