Павлодар баскетболшылары «жұбаныш финалына» шақырды
«Ertis» қыздары Ұлттық лига жүлделерінен дәмелі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
15-16 мамыр күндері Павлодарда әйелдер командалары арасындағы Ұлттық лиганың қола жүлдесі үшін серияның алғашқы екі матчы өтеді. Павлодарлық «Ertis» өз алаңында «Барсы Атырау» командасын қабылдайды. Кездесулер Қамзин, 39/1 мекенжайындағы №2 СДЮШОР спорт залында (бұрынғы «Автомобилист» СК) өтеді. Ойындардың басталуы: 15 мамыр күні – 18:00-де, 16 мамыр күні – 19:00-де.
Еске сала кетейік, жартылай финалда павлодарлық баскетболшылар көкшетаулық «Окжетпеске» жол берді. Тартысты өткен серияның шешуші үшінші ойыны Павлодарда өтіп, алаң иелері драмалық кездесуде 49:51 есебімен жеңіліп қалды. Ал «Барсы Атырау» жартылай финалда «Tigers» командасына есе жіберген болатын.
Барша жанкүйерлерді команданы қолдауға шақырамыз.