«Таза Қазақстан»: Павлодарда үздік аула байқауы өтеді

«Таза Қазақстан»: Павлодарда үздік аула байқауы өтеді
Фото: Константин Шелков

Жеңімпаздарды бағалы сыйлықтар күтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Павлодарда үздік абаттандырылған аулаға байқау өткізіледі. Конкурс  экологиялық мәдениетті арттыру және тұрғындарды қаланы абаттандыруға кеңінен тартуды мақсат етеді.

Байқауда көппәтерлі үйлердің тұрғындары, мүлік иелерінің бірлестігі,тұрғын үй басқару бірлестігі, пәтер иелері кооперативті және  пәтер иелерінің тұтыну кооперативті ұйымдары бақ сынай алады. Қатысушылардың өтінімдері 18 мамырға дейін қабылданады.

Бағалау барысында аула аумағының санитарлық жағдайы, кіреберістердің жарықтандырылуы, ақпараттық тақталардың болуы, гүлзалардың күтімі ескеріледі. Сонымен қатар, есік алды топтарының сырлануы, тұрғындардың сенбіліктерге қатысуы және ортақ мүлікті жөңдеу жұмыстары назарға алынады, - дейді қалалық ішкі саясат бөліміндегілер. 

Қазылар алқасы үздік қатысушыларға ең жоғары 100 ұпайды қоятын болса, қосымша тағы 10 ұпай тұрғындардың шығармашылығы мен бастамасы үшін беріледі.

Байқау қорытындысы 19 мамырда жарияланады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталады. Өтінімдер sektor.monitoringa701@mail.ru поштасына «Таза аула-Таза қала» белгісімен қабылданады.  Қосымша ақпаратты 8 705 445 16 89 анықтама телефоны арқылы білуге болады.