Мамыр айының бірінші күні Павлодар облысында жаңбыр жауады
Өңірде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
1 мамырда Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа райына атмосфералық фронтальды бөлімдер әсер етеді. «Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, еліміздің әр өңірінде жел күшейіп, найзағай, бұршақ және тұман болуы мүмкін.
Павлодар облысында синоптиктер үсік туралы ескертеді. Күндіз сынап бағанасы +4...+12 °С дейін жылынады. Солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады, ал батыс пен оңтүстікте секундына 15-20 метрге дейін жел соғады.
Жауын-шашын облыс орталығында да түседі. Күндіз ауыспалы бұлттылықпен ауа температурасы +11 °С аспайды.