Успенде ауыл тұрғынының мас күйдегі сапары темір тордың ар жағында аяқталды

Успенде ауыл тұрғынының мас күйдегі сапары темір тордың ар жағында аяқталды
Фото: pixabay

Ер адам 15 тәулік қамауда отырады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қозыкеткен ауылында мотоцикл жүргізушісінің әрекеті полицейлерге күдік тудырды. Медициналық тексеру оның орташа деңгейде мас болғанын растады.

— Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Істі сот қарап, оған 15 тәулік қамау және жеті жылға жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындады. Мотоцикл арнайы тұраққа қойылды, – деді Успен ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Серік Мүскенов.

Биыл успендіктер осындай тоғыз құқықбұзушылық жасаған.