Жасыбай көлінде екі демалушыны құтқарушылар жағаға жеткізді

Жасыбай көлінде екі демалушыны құтқарушылар жағаға жеткізді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Демалушылар сап-тақтамен жағадан алыстап, өздігінен кері қайта алмаған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары судағы ықтимал жазатайым оқиғаның алдын алды.

Патрульдеу барысында құтқарушылар сап-тақтамен жүрген екі демалушының жағалауға өздігінен қайта алмай қалғанын байқаған.

– Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері жүзу құралының көмегімен екі қызды қауіпсіз жағаға жеткізді, – деп хабарлады ТЖМ.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Демалушыларға медициналық көмек қажет болмаған.

Құтқарылған қыздар көрсетілген көмек үшін құтқарушыларға алғыс білдірді.

Төтенше жағдайлар министрлігі судағы демалыс кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады. Мамандар жағадан алыс кетпеуге, ауа райы жағдайын ескеруге және өз мүмкіндігін дұрыс бағалауға кеңес береді.