Павлодарда жылу желісінен ақау шықты

Павлодарда жылу желісінен ақау шықты
Фото: Константин Шелков

Апат орын алған жерде жөндеу жұмысы жүргізілуде,  деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Павлодарэнерго" АҚ-ның мәлімдеуінше, диаметрі 400 мм тоқсандық жылу желісінің зақымдануы №4 сорғы станциясын іске қосу кезінде пайда болды.

- Коммуналдық қызметтер апаттық учаскеде су беруді тоқтатты. Жөндеу бригадалары зақымдалған жерде жұмыс істеуде, - делінген хабарламада.

Айта кетелік, Мүткенов көшесінде атқылап жатқан ыстық субұрқақтың жоғары температурасы 65 градус.