Успен ауылының музыка мектебі тыныш ғимаратқа көшуі мүмкін
Бүгінде оқушылар шу естілетін кабинеттерде музыкамен айналысуға мәжбүр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Темирязев ауылының мәдениет үйінде облыс әкімі Асайын Байхановтың Успен ауданының тұрғындарымен тұрақты кездесу өтті. Успен ауылындағы музыка мектебінің директоры Валентина Абарова облыс әкімінен балалардың сүйікті ісімен айналысу үшін қолайлы жағдай жасау үшін көмек сұрады.
– Музыкалық мектебіміз бес жыл бұрын «Балдырған» балалар эстетикалық орталығында ашылған болатын. Қасымызда орналасатын ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға арналған түзету кабинеттерді гипсокартон қабырғалары бөледі. Барлық шу естіледі, ал музыка үшін тыныштық болуы маңызды. Бала саны жыл сайын өседі, алайда олармен жұмыс істейтін орын жоқ, – деді Валентина Абарова.
Ауыл тұрғыны «Балдырған» орталығына қарама-қарсы бос тұрған дүкеннің ғимаратын пайдаға жаратуды ұсынып, музыкалық мектеп үшін жеке орынды беруді өтінді. Облыс әкімі бұл ұсынысты толығымен қолдады.
– Егер талантты жастардың дамуына үшін бөлек ғимарат қажет болса, онда бұл мәселені қарастырайық. Алдымен нақты құжаттама қажет, оның ішінде ғимаратты техникалық тұрғыдан тексеру керек, – деді аймақ басшысы. – Біз қазір аудандардағы музыкалық мектептерді белсенді дамытып жатырмыз. Шарбақты, Ақтоғай, Ертіс аудандарында мықты мектептер бар. Аудандар арасында ресурстарды әділ бөлу маңызды. Инфрақұрылым бір стандартқа сай болуы керек.
Асайын Байханов аудан әкіміне облыстың білім беру басқармасымен бірге бұл сұрақты талқылап, қолға алуды тапсырды.
Бүгінде Успен ауылының музыкалық мектебіне 74 оқушы барады. Сегіз педагог фортепиано, баян, домбыра мен гитарадан сабақ береді. Мектеп түлектері Павлодар қаласының музыкалық колледжін бітіріп, ауылға қайтып жұмыс орнын іздегенде олар үшін кабинет табылмайды.
Айта кетейік, 2025 жылы Успен ауданында үш мектеп жаңартылады.