Павлодарлық оқушы спорттық биден үздік атанды

Павлодарлық оқушы спорттық биден үздік атанды

Өңірде спорттық биден Павлодар облысының ашық чемпионаты өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Спорттық биден ашық чемпионатқа 500-ден астам биші қатысқан. 

Жас бишінің жаттықтырушысы Татьяна Вериганың айтуынша,  Мунира Жақыпованың уақыты сағаттап жоспарланған. 

–  Ол №1 музыкалық мектепте флейта және саксофон аспаптарын  ойнауды үйренеді, – дейді спикер. – Сонымен қатар, вокал, гимнастика және хип-хоппен айналысады. Көптеген марапаттар алып жүргені керемет нәтиже деп ойлаймын. 

Сондай-ақ, Мунира Жақыпова республикалық турнирлерде бақ сынауда.