Павлодарлық домбырашы Халықаралық байқауда бірінші орын алды

Павлодарлық домбырашы Халықаралық байқауда бірінші орын алды
Фото: М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы

Конкурстың ұйымдастырушылары –  «DREAMFEST» желілік баспасы, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астана қаласында өткен Халықаралық конкурсқа  М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының «Мұрагер» домбыра ұжымының тәрбиеленушісі Қылышбек Мейірбек қатысты. 

Ол байқауға «Инструменталдық жанр» номинациясы бойынша Нұрғиса Тілендиевтің «Ата толғау» шығармасын дайындап, бірінші орынға ие болды.

– Конкурстың мақсаты – балалар мен жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтау және іске асыру үшін жағдай жасау, аспаптық өнер саласындағы дарынды балалар мен жастарды анықтау және қолдау, – деді педагог Батырбек Сәрсебеков.

Ұжым жетекшісі Батырбек Сәрсебеков және аккомпаниатор Қуаныш Райымбеков жеңімпазды дайындағандары үшін сертификатқа ие болды. Ал Қылышбек Мейірбекке диплом, медаль және музыкаллық кубок табыс етілді.