Жалаулы ауылдық округінде су тасқынынан кейінгі қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді
Ағаш көшеттері отырғызылып, ағаштар ақталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ақтоғай ауданының ішкі саясат бөлімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін «Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық науқанының аясында сенбілікке ауданнан көмек күші ретінде 70-ке жуық адам жұмылдырылды.
– Ағаш көшеттері отырғызылып, ағаштар ақталды. Зардап шеккен көшелер мен үйлердің аумағы қоқыстан тазартылып, техникамен шығарылды, – дейді баспасөз орталығында.
Сонымен қатар арнайы техникамен ауыл ішілік жолдар түзетілді.