«Павлодар барысы»: облыстың үздік балуаны анықталады

«Павлодар барысы»: облыстың үздік балуаны анықталады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жарыстың екі финалисі «Қазақстан барысына» жолдама алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 мамыр күні сағат 11:00-де «Баянтау» спорт сарайында қазақ күресі бойынша «Павлодар барысы» облыстық іріктеу турнирі өтеді.

Турнирге қалалық және аудандық жарыстардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері қатысады. Спортшылар чемпион белбеуімен, медальдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталады, – дейді жарыстың ұйымдастырушылары.

«Павлодар барысы» жарысының екі финалисі 2 шілде күні Астана қаласында өтетін «Қазақстан барысы» республикалық турниріне қатысады.