Жалдамалы пәтерде болған: Павлодарда жоғалған әйел табылды
Ол достарымен бірге ішімдік ішкен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны полицияға хабарласып, 18 мамырда үйден кетіп, қайта оралмаған 45 жастағы әпкесін табуға көмек сұраған.
– Ол кеткеннен кейін келесі күні де келмей, байланысқа шықпаған. Жоғалған әйелді анықтау үшін белгілі бір іздестіру жұмыстары жүргізілді. Таныстары және оның болуы мүмкін жерлері тексерілді. 10 күннен кейін ол қаладағы жалдамалы пәтерлердің бірінде табылды. Онда ол достарымен бірге ішімдік ішіп, жақындарына хабарласуға уақыты болмаған, – деді департаментте.
Айта кетейік, биыл із-түссіз жоғалған 31 азамат іздестіріліп, 17-нің жүрген жері анықталды.
Тәртіп сақшылары азаматтарға жоғалған туыстары мен жақындары туралы полицияға бірден хабарлау қажет екенін еске салады. Полицияға неғұрлым тезірек барсаңыз, жоғалған адамды табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болатынын есте ұстаған жөн. Сондай-ақ, облыс тұрғындарын туған-туыстарына қайда екендерін де хабарлап, ескертіп кету керек екенін атап өтті.