Павлодарда алғашқы IT саласындағы кәсіби біліктілікті тану орталығы ашылды

Орталық бес бағыт бойынша аккредиттейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«SOLID GROUP» ЖШС атқарушы директоры Виктория Пахомоваға сәтті аккредиттеу туралы сертификатты Павлодар облысы «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалының директоры Ерқанат Әбенов салтанатты түрде табыс етті. Бүгінгі таңда бұл облыстағы жалғыз орталық.
– Заңға сәйкес кейбір мамандықтарда міндетті сертификаттау бар, мысалы, дәрігерлерге, кәсіби аудиторларға, нотариустарда. Яғни, мұнда жұмысқа кірісу үшін бір диплом жеткіліксіз, сіз міндетті сертификаттаудан өтуіңіз керек. Ал палата біліктілігін ерікті түрде растай отырып, кәсіптер бойынша кәсіптік біліктілікті тану орталықтарын аккредиттеуді жүзеге асырады, – деді филиал директоры.
Бұдан әрі сертификаттар жұмыс берушіге қызметкердің біліктілігін, оның барлық талаптарына сәйкестігі туралы кепілдік ретінде растайды. Қызметкерлерге бейресми және стандарттық білім беру жағдайында алынған құзыреттерді растауға мүмкіндік беріледі. Азаматтар тиісті орталықтарда кәсіптік біліктілігінің бар екендігін растайтын құжатты ала алады және егер бұл кәсіптік стандартта көзделсе, оны білім туралы дипломмен тең жұмысқа орналастыру кезінде пайдалана алады.
Қызығушылық танытқан өңір тұрғындары палата жанындағы сертификаттау орталықтарының тізіліміндегі кәсіби біліктілікті тану орталығына жүгінсе болады және орталыққа тиісті емтихандарды тапсыру үшін өтінім береді.
– Колледж түлектері де өз біліктіліктерін растай алады. Республика бойынша кәсіптік біліктілікті тану орталықтары туризм және қонақжайлылық – 17 кәсіп және ақпараттық технологиялар – 20 кәсіп салаларында мамандандырылады. Қазір аккредиттелген ұйымдар желісін кеңейту бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде, – деді Ерқанат Әбенов.
«SOLID Group» ЖШС бес бағыт бойынша аккредиттейтін болады: техник-бағдарламашы, бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуші, Back-end бағдарламашы, Front-end бағдарламашы, Full-stack бағдарламашы. Біліктілігіңізді тегін растау үшін мансап орталығына тіркеліп, жолдама алу керек.
Кәсіптік біліктілікті тану орталығын кез-келген сала өкілдері аша алады, ол үшін барлық біліктілік талаптарынан өту қажет. Консультацияны кәсіпкерлер палатасынан алуға болады.