Павлодарда сегіз автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Павлодарда сегіз автобустың қозғалыс бағыты өзгерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Екі күнге бір көше жабық болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қалалық ТҮКШ ЖК және АЖ бөлімінің мәліметінше, 5 маусым сағат 20:00-ге дейін Естай көшесінің (оңтүстік жағы) Н. Назарбаев даңғылынан Қамзин көшесіне дейінгі учаскесі жабылады. Осыған байланысты келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасына уақытша өзгерістер енгізілетін болады: № 1, 115, 41, 52, 57, 003, 3, 153.

№1 автобус бағыты Сұрағанов көшесі бойымен солтүстіктен оңтүстікке қарай келе жатқан кезде Аймауытов көшесіне солға бұрылады, одан әрі оңға қарай Қамзин көшесіне шығып, Малайсары батыр көшесіне солға және маршрут бойынша жүреді. Кері бағытта қозғалыс қозғалыс сызбасы бойынша, өзгеріссіз жүзеге асырылады.

№ 115, 153, 003 автобус маршруттары оңтүстіктен солтүстікке қарай Катаев көшесімен жүргенде Толстой көшесіне солға, содан кейін Н. Назарбаев даңғылына оңға қарай бұрылады. Сол сияқты кері бағытта жүреді.

№ 3 автобус бағыты Естай көшесі бойынша батыстан шығысқа қарай келе жатқан кезде Н. Назарбаев даңғылына солға бұрылады, содан кейін Лермонтов көшесіне оңға қарай шығады, одан әрі Аймауытов көшесімен тура жүреді, содан кейін Қамзин көшесіне оңға, Малайсары батыр көшесіне солға қарай және маршрут бойынша бұрылады. Сол сияқты кері бағытта.

№ 41 автобус бағыты Малайсары батыр көшесімен шығыстан батысқа қарай жүргенде Н. Назарбаев даңғылына оң жаққа бұрылыспен тура жүреді, әрі қарай маршрут бойынша қозғалады. Н. Назарбаев даңғылымен солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжу кезінде Н. Назарбаев даңғылы – Естай көшесінің қиылысында бұрылысты жүзеге асырады, содан кейін Малайсары батыр көшесіне оңға бұрылады, Павлов көшесіне солға қарай, содан кейін Аймауытов көшесіне оңға қарай Қамзин көшесіне шығып, Малайсары батыр көшесіне солға және маршрут бойынша шығады.

№ 52 автобус бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Қамзин көшесімен келе жатқан кезде Аймауытов көшесіне бұрылады, одан тура Лермонтов көшесімен және маршрут бойынша жүреді. 

№ 57 автобус бағыты Н. Назарбаев даңғылымен оңтүстіктен солтүстікке қарай келе жатқан кезде Лермонтов көшесіне оңға бұрылады, әрі қарай тура Аймауытов көшесімен, солға қарай Қамзин көшесіне және маршрут бойынша өтеді. Сол сияқты кері бағытта қатынайды.