Жаз-2024: Павлодар облысында жедел желі іске қосылды
Желі тәулік бойы жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Павлодар облысы білім беру басқармасы басшысының орынбасары Роза Ақанова мәлім етті.
– WhatsApp желісінде хабарламаларды қабылдау тәулік бойы жүргізіледі. Бұл желіде білім беруді дамытудың инновациялық орталығының қызметкері кезекшілік етеді. Әлеуметтік желідегі білім беру басқармасының барлық парақшаларында жедел желі нөмірлері белгіленген, – дейді Роза Ақанова.
Облыста жазғы демалысты ұйымдастыруға қатысты 65-00-60 немесе 8 (707) 491 64 05 нөмірлері бойынша жедел желіге хабарласуға болады.
Еске сала кетейік, қалалық білім беру бөлімінің басшысы Қуаныш Қыдыралин кез келген сұрақ бойынша тікелей өзіне хабарласуға болатынын айтқан еді. Қаланың бас ұстазының нөмірі – 8 (775) 327 9685.