Павлодар облысында мектеп директорлары кәсіпкерлікпен айналысқан
Бір мезетте олар ЖШС, жеке кәсіп пен шаруа қожалықтың иелері болған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының басшысы Руслан Иманқұлов мәлім етті.
– Мектеп директорлары жұмыстан босатылған жоқ. Олар кәсіптерін сенімді қолға тапсырған. Егер кәсіп қызметкердің атында болса, кәсіпорын жабылады, – дейді Руслан Иманқұлов.
Айта кету керек, биыл облыста мемлекеттік қызметшілердің заңсыз кәсіпкерлікпен айналысуының бес фактісі анықталды.