Жексенбі күні Павлодар облысында қар жауады

Жексенбі күні Павлодар облысында қар жауады
Фото; Константин Шелков

"Қазгидромет" РМК 12 ақпан күніне арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды  Рavlodarnews.kz.

Павлодар облысында көшпелі бұлт шығады, түнде және күндіз аздаған қар жауады. 

Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 7-12 м/с құрайды. Түнде 18-20, күндіз 11-13 градус аяз болады.

Циклон жырасы мен атмосфералық фронтальды бөліктер әлі де Қазақстан Республикасының басым бөлігіндегі ауа райын анықтайды. Соған байланысты қар, жаяу бұрқасын, республиканың батысында қар және жаңбыр жауады. 

Тек солтүстік-батыста, солтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы болады. 

Республиканың оңтүстігінде, батысында, шығысында жел күшейсе, басым бөлігінде тұман сақталады, батыста көктайғақ болады.