Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасына жаңа басшы тағайындалды
Аталмыш лауазымға Хамза Оразбеков ие болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, өкімге өңір басшысы Асайын Байханов қол қойды.
Хамза Оралбекұлы 1988 жылы туған. Екі жоғары білімі бар. 2009 жылы С. Торайғыров атындағы ПМУ «Зоотехника» мамандығы бойынша, 2012 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
2024 жылы ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясының магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтады.
Мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын 2010 жылы Павлодар ауданының ауыл шаруашылығы бөлімінде механикаландыру және техника қауіпсіздігі жөніндегі бас маман болып бастады.
2013-2017 жылдары Заңғар ауылдық округінің әкімі, 2017-2020 жылдары Павлодар ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлім басшысының орынбасары қызметтерін атқарды. 2020-2025 жылдары Павлодар ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы болып еңбек етті.
Осы лауазымға тағайындалғанға дейін Павлодар ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.