Павлодарда кейбір тұрғын үйлер жарықсыз қалады

Қосалқы станцияларда жөндеу жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 ақпан күні сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін келесі мекенжайлар бойынша электр қуаты сөндіріледі:
- Абай көшесі, 75, 83, 110, 110/1;
- Естай көшесі, 84;
- Бекмаханов көшесі, 25, 31.