Екібастұзда автобус бағасын көтеруі мүмкін
Сәйкес құжат ашық НҚА порталында жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ашық НҚА порталында қала әкімдігінің 2023 жылғы 17 шілдедегі «Екібастұз қаласының қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы» №559/7 қаулысына өзгеріс енгізу туралы жоба пайда болды.
Қала әкімдігі қаулыға келесі өзгерістер енгізеді:
- қалалық қатынастарында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф белгіленсін;
- интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын қолма-қол ақшасыз төлеу кезінде – 100 теңге, жол ақысын қолма-қол төлеу кезінде – 200 теңге.
Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.