Жәрмеңке: Үш ауданның фермерлері Павлодарға өз өнімдерін әкеледі
Тауық жұмыртқасын жергілікті құс фабрикалары жеткізеді, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, олар – «Павлодар Құс» ЖШС, «Шарбақты Құс» ЖШС.
Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы негізгі азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру жөніндегі тапсырмасына сәйкес 23 қыркүйек күні Космонавтар және Торговая көшелерінің қиылысында, Торговая көшесі, 2А құрылысында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.
– Жәрмеңкеге Аққулы, Тереңкөл, Успен аудандарының ауылдық аймақтары мен Павлодар қаласының тауар өндірушілері қатысады, – деп жазылған хабарламада.
Сенбі күндері мұндай жәрмеңкелер Екібастұз қаласының «Народный» және Ақсу қаласының «Ауыл базары», сондай-ақ облыстың 10 ауданында ұйымдастырылады.
Естеріңізге сала кетейік, фермерлер базарында күнделікті ет нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен сату жалғасуда.
Фермерлер базарының жұмыс кестесі: сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.