Ішкі аудит: Павлодар облысында қандай бұзушылықтар анықталды?
Павлодар облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті 2023 жылғы камералдық бақылау қорытындыларын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ведомство 2023 жылдың ішінде камералдық бақылаумен қамтуға тиіс 19 595 мемлекеттік сатып алу лотынының 98,7%, яғни 19 342 лот қамтылған. Оның ішінде бұзушылықтар үлесі 17% құрады.
Сонымен қатар, департаментпен өткен жылы 76 миллиард теңге сомасына бұзушылықтарды жою туралы 3254 хабарлама жіберілді, олар Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген камералдық бақылау қағидаларына сәйкес орындалды.
– 68 материал бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды тиісінше орындамағаны үшін лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ашық конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу бойынша камералдық бақылау жүргізу шеңберінде әлеуетті жабдықтаушылардың конкурсқа қатысудан негізсіз ауытқуы түріндегі бұзушылықтар, әлеуетті жабдықтаушылардың конкурсқа қатысуға заңсыз жіберілуі, әлеуетті жабдықтаушыларға шартты жеңілдіктерді қолданбау немесе заңсыз қолдану неғұрлым жиі кездеседі, – дейді департаментте.
Камералдық бақылау қызметкерлері баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алуды жүзеге асыру кезінде бұзушылықтарды анықтау бойынша үздіксіз жұмыс жүргізеді. Көбінесе мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар веб-порталда тек бір тілде ақпарат ұсыну түрінде заңнама талаптарын сақтамау сияқты бұзушылықтарға жол береді.
Бұдан басқа, ұлттық стандарттар туралы ақпаратты міндетті түрде көрсету, ал олар болмаған жағдайда сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге арналған мемлекетаралық стандарттар бойынша Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормалары сақталмайды.
Бұрын жасалған шарттарға қосымша келісімдер бойынша қосымша сатып алынатын көлемдер, тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша жіберілген келісімдер сомасы туралы мәліметтердің болмауы түріндегі бұзушылықтарды да атап өту маңызды.
Осыған байланысты департамент мемлекеттік сатып алуға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасының нормаларын мүлтіксіз сақтау туралы еске салады.