Павлодар облысында малын қараусыз жіберген ауыл тұрғынына айыппұл салынды
26 бас ірі қара Шідерті кентінде жүрген, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, Солнечный кентінде ауыл тұрғыны тоғыз жылқыны қараусыз еркін жайылымға шығарған. Басқа жағдайда тәртіп сақшылары Павлодар-Қызылорда жолының бойында патрульдеу кезінде 26 бас ірі қара малды байқаған.
– Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін иелеріне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабы бойынша әкімшілік материалдар толтырылды. Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларын бұзғаны үшін 3 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды, – деді Екібастұз қаласы полиция басқармасы жергілікті полиция қызметі бөлімінің бастығы Қанат Кәрімжанов.
Екібастұз ауылдық аймағында малға арналған 14 айып тұрағы жұмыс істейді. Онда жыл басынан бері бақылаусыз жайылып жүрген 300-ден астам үй жануары иелері анықталғанға дейін орналастырылған. Қараусыз малдың 189 иесіз әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жыл басынан бері облыста ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ережелерін бұзғаны үшін барлығы 1500-ге жуық мал иесі жауапкершілікке тартылды.
Айта кетерлігі, ҚР ӘҚБтК-нің 408-бабының 2-бөлігіне сәйкес, жеке тұлғалардың мүлкіне залал келтіруге әкеп соққан дәл осындай әрекет үшін 10 АЕК мөлшерінде айыппұл көзделген. Учаскелік инспекторлар азаматтармен осындай фактілерді болдырмау туралы профилактикалық әңгіме жүргізеді.