Қалқаман маңындағы апаттан бала аман қалды

Қалқаман маңындағы апаттан бала аман қалды
фото: Константин Шелков

Жол-көлік оқиғасы кезінде баланың анасы қайтыс болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ЖКО 8 қарашаға қараған түні Қалқаман ауылының маңындағы Қызылорда – Павлодар тас жолында орын алды. Полиция департаментінің мәліметінше, кроссовер сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып «КамАЗа» көлігінің көмір тіркемесіне соқтығысқан.

–  Nissan автокөлігінің жолаушысы алған жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды, жүргізуші мен олардың кішкентай балалары әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, – деді департаментте.

Полицейлердің айтуынша, баланы артқы орындықтағы балалар креслосында отырғаны құтқарып қалған. 

Құқық қорғау органдары тексеруді бастады.

Естеріңізге сала кетейік, жол қозғалысы ережелеріне сәйкес жеті жасқа дейінгі балаларды автокреслода тасымалдау керек. Мұндай құрылғылар көлік басқа көлікпен соқтығысқан кезде жолаушыны қорғай алады.

Айта кетейік, жыл басынан бері полицейлер 54,5 мың көлікті қатты жылдамдықпен жүргізген жүргізушіні жазалады. Жүзден астам жүргізуші балалар креслосын пайдаланбағаны үшін жауап берді.