Павлодарда Усолка шағын ауданында эко-саябақ салу жұмыстары басталады

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков эко- саябақ салынатын аумақты тексеріп шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Биыл облыс әкімінің тапсырмасы бойынша ауқымды жобаны – Усолка шағын ауданында салу қолға алынады.
– Қала бойынша жұмыс сапары барысында эко-саябақ салынатын аумақты тексеріп шықтым. Алда қолға алынатын жұмыстар туралы баяндамаларын тыңдадым. Мердігерге қойылатын негізгі талап – табиғатқа барынша аз әсер ету және экологиялық материалдарды пайдалану, – деді қала әкімі.
Ол жалпы алғанда шамамен алпыс гектарды құрайтын аумақта құрылыс-монтаж жұмыстарын бастамас бұрын су басудың алдын алу мақсатында ұзындығы 2,2 км болатын дамбаны нығайту қажет екенін атап өтті. Сонымен қатар, жұмыстарға ақпан айының үшінші жартысында кірісіп, Ертіс өзенінің суы тасығанға дейін аяқтауды тапсырды.