Павлодарда гемопоэтикалық донорлар іздестірілуде

Павлодарда гемопоэтикалық донорлар іздестірілуде
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өңір тұрғындары гемопоэтикалық дің (бағаналы) жасуша донорларының Ұлттық тіркеліміне қосылуға шақырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық қан орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 шілде күні, сағат 8:30-дан 13:00-ге дейін гемопоэтикалық дің жасушаларының донорлары үшін қан сынамасы (тамырдан 9 миллилитр) алынады.

– Егер сіз 18 бен 45 жас аралығындағы, ауруы жоқ, дені сау адам болсаңыз, онда гемопоэтикалық дің жасушаларының (сүйек кемігінің) доноры бола аласыз. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңізді алыңыз! – делінген хабарламада.

Өтетін орны: Естай көшесі, 79, ШЖҚ «Павлодар облыстық қан орталығы» КМК.

Анықтама үшін келесі телефон нөмірлеріне хабарласуға болады:

  • +7 (7182) 32-48-32;
  • +7 (708) 466-63-40.