«Бизнес сағаты»: Павлодар қаласының әкімі кәсіпкерлермен кездесу өткізеді

«Бизнес сағаты»: Павлодар қаласының әкімі кәсіпкерлермен кездесу өткізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Олар өз сұрақтарын тікелей әкімге қоя алатын болады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы кәсіпкерлік және ауылшаруашылық бөлімінің хабарлауынша, 4 желтоқсанда сағат 11:00-де  Луговой көшесі, 16 мекенжайында қала әкімі Хасар Хабылбековпен өзекті мәселелерді шешу үшін «Бизнес сағаты» кездесуі өткізіледі.

Кездесуге 8(707)146-07-04 WhatsApp нөмірі арқылы жазылып, тіркелуге болады.