Павлодарлық бочча спортшылары Қазақстан кубогында үшінші орын алды

Павлодарлық бочча спортшылары Қазақстан кубогында үшінші орын алды
Фото: Аманат партиясының баспасөз қызметі

Бақ сынауға 13 елден қатысушылар келген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Астанада боччадан Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Рейтингтік турнирге 13 облыстың спортшылары қатысып, жүлделі орындарға сайысты.   

Турнирде Павлодар облысы ВС 1, ВС 2 және ВС 3 қатарларында сегіз қатысушыны ұсынды. Жоғары дайындық пен шеберлік танытқан алты павлодарлық спортшы жүлделі орындарға ие болды. 

Павлодарлық спортшылардың ВС 2 топтағы сайысқан нәтижесі бойынша Александр Құрмантаев бірінші орынды жеңіп алған, онымен бірге юниор Ержан Русланұлы да чемпион атанды. Жас Ульяна Кудинова екінші, ал Нұржан Майкенов үшінші орынға ие болды.

ВС 3 қатарында Станислав Суфьянов екінші, ал Кәрім Салимов үшінші орынға иеленген. 

Командалық жарыстың қорытындысы бойынша Павлодар облысы құрметті үшінші орынды жеңіп алып, Қазақстандағы бочча спорт түрі дамыту бойынша көшбасшылардың бірі ретіндегі мәртебесін растады.