Павлодарлық жағажайда бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді
Облыстағы ірі компаниялардан 300-ден астам ашық жұмыс орындары ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
26 маусымда сағат 15:00-де орталық жағажайда Павлодар облысы бойынша еңбек мобильділігі орталығының ұйымдастыруымен бос орындар жәрмеңкесі өткізіледі.
– Жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу, мұнда қатысушылар жұмысқа орналасу мүмкіндіктерінің кең ауқымымен танысып, кәсіби біліктілігін арттыра алады,– делінген хабарламада.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде облыстағы қаржы, маркетинг, өндіріс, ауыл шаруашылығы және т.б. саласындағы бар ірі компаниялардан 300-ден астам ашық жұмыс орындары ұсынылады.
Сондай-ақ, жұмыспен қамту органдарының өкілдері консультация-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Жұмыс іздеушілер үшін бұл еңбек нарығындағы ұсыныстармен танысу және жұмыс берушілерге өздерін тікелей таныстыру мүмкіндігі болып табылады.