Павлодарда автобус бағыттарының қозғалыс сызбасы уақытша өзгереді

Қала тұрғындарына жол қозғалысын алдын ала жоспарлау ұсынылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 10 қазан күні сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін жөндеу жұмыстарына байланысты Нұрсұлтан Назарбаев даңғылының батыс жағында Қайырбаев пен Естай көшелері аралығында автокөлік қозғалысына шектеу қойылады. Сондай-ақ даңғыл мен Естай көшесінің қиылысының батыс бөлігі толық жабылады, алайда даңғылдың батыс жағындағы «қалта» қозғалыс үшін ашық болады.
Осыған байланысты №11, 21, 21А, 21К, 52, 66, 115, 153, 18, 27, 003 және 3 автобус бағыттарының қозғалыс сызбаларына уақытша өзгерістер енгізіледі.
№18 және №27 бағыттары батыстан шығысқа қарай Естай – Нұркин – Толстой көшелері арқылы, ал кері бағытта осыған ұқсас қозғалады.
№003 бағыты батыстан шығысқа қарай Естай – Нұркин – Толстой – Катаев көшелері арқылы, ал кері бағытта осыған ұқсас жүреді.
№3 бағыты батыстан шығысқа қарай Естай – Нұркин – Толстой – Катаев – Естай көшелері арқылы, кері бағытта да осылай өзгереді.
№66А бағыты солтүстіктен оңтүстікке қарай Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Қайырбаев – Бұқар жырау – Толстой көшелері арқылы жүреді, кері бағыт өзгеріссіз қалады.
№21 және №11 бағыттары солтүстіктен оңтүстікке қарай Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Қайырбаев – Мәшһүр Жүсіп – Естай көшелері арқылы қозғалады. Батыстан шығысқа қарай Естай – Мәшһүр Жүсіп – Толстой – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы арқылы жүреді.
№21К және №21А бағыттары солтүстіктен оңтүстікке қарай Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Қайырбаев – Бұқар жырау – Толстой – Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы арқылы қозғалады, кері бағыт өзгеріссіз қалады.
№115 бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы – Қайырбаев – Иса Байзақов – Кривенко көшелері арқылы жүреді. Батыстан шығысқа қарай Лермонтов – Аймауытов – Павлов – Малайсары батыр – Катаев көшелерімен қозғалады.
№52 бағыты батыстан шығысқа қарай Лермонтов – Аймауытов – Қамзин көшелері арқылы жүреді, кері бағыт өзгеріссіз қалады.
№153 бағыты оңтүстіктен солтүстікке қарай Сұрағанов – Аймауытов – Павлов – Малайсары батыр – Катаев көшелері арқылы қозғалады, кері бағыт өзгеріссіз қалады.