Қазақстан зілзалаға қаншалықты дайын

Қазақстан зілзалаға қаншалықты дайын

Бүгін қазақстандық телеарналардан ҚР Президентінің телерадиокешені әзірлеген «Безопасное завтра» атты деректі фильмі көрсетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Деректі фильмде жер шарында болып жатқан жер сілкінісі апттары жайында баяндалмақ. Жыл сайын әлемде мыңдаған зілзала тіркеледі. Оның ішінде 100-ге жуық жойқын жер сілкінісінен адамдар қаза тауып, тұтас мегаполистер жермен-жексен болады.

Сонымен қоса, таяуда болған Түркиядағы ірі зілзаланың салдары әлі күнге дейін жойылып жатыр. Біздің еліміз де сейсмикалық тұрғыдан қауіпті мемлекеттер қатарына енеді. Осы орайда, бүгін көрерменге жол тартатын телетуындыда Қазақстанның осындай апаттарға қаншалықты дайын екендігі, олардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан шаралар төңірегінде баяндалады.

«Қауіпсіз ертең» деректі фильмінің көрсетілім кестесі:

25 ақпан

сағат 17:45-те «Turkistan TV» телеарнасы;

сағат 21:05-те «Jibek joly» телеранасы;

сағат 22:00-де «Almaty TV» телеарнасы;

26 ақпан

сағат 20:00-де «Jetisu TV» телеарнасы;

27 ақпан

сағат 10:10-да «МИР» телеарнасы;

сағат 20:00-де «Хабар24» телеарнасы.

Айта кетсек, Президент Алматыда сейсмоаудит жүргізу жоспарын мақұлдады.

Төтенше жағдайлар вице-министрі Ибрагим Күлшімбаев Алматыда 9 балдық жер сілкінісі болса, тұрғын үйлердің 30% қирауы мүмкін екендігін айтқан болатын.

Республикалық жедел-құтқару жасағының басшысы Владимир Цой алматылықтарға жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларын түсіндірді.

Қоса кетейік, Президент телерадио кешенінің режиссері Серік Ибраимнің деректі фильмі бүкілресейлік «Белая птица» фестивалінің «Үздік балалар деректі фильмі» номинациясын алды.

Бұған дейін Jibek Joly арнасынан Президент телерадиокешенінің «Қаңтар оқиғасы. Бір жыл» деректі фильмі көрсетілді.