Президент: Үкімет пен әкімдердің жұмысын азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз

Президент: Үкімет пен әкімдердің жұмысын азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағалаймыз
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтуде, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz.

– Бүгін біз Үкіметтің кеңейтілген отырысында өте өзекті мәселелерге тоқталамыз. Себеп – бәрімізге белгілі. Қазір дүние жүзі түбегейлі өзгеріске ұшырап жатыр. Жаһандық үдерістер, ең алдымен, еліміздің экономикалық ахуалына әсерін тигізетіні анық, – деп атап өтті Президент. 

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев жаппай цифрландыру дәуірі, яғни жаңа технологиялық кезең басталғанына тоқталды. 

– Күллі әлем мүлдем басқа жағдайда өмір сүреді. Біз соған міндетті түрде дайын болуымыз керек. Жаңа технологиялық ахуалға сақадай сай тұруымыз қажет. Бұл – еліміздің бәсекеге қабілетін арттырып, тұрақты дамуына жол ашатын аса маңызды фактор, – деді Мемлекет басшысы. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен әкімдердің жұмысы қаншалықты тиімді екенін алдымен экономиканың даму көрсеткіштері мен азаматтардың тұрмыс сапасына қарай бағаланатынын жеткізді.

– Осы жұмыстың нәтижесі былтыр қандай болды? Негізгі міндеттер орындалды ма? Бүгін осы сұрақтарға тоқталамыз және жақын арада шешімін табуға тиіс өзекті мәселелерді талқылаймыз, – деді ол. 

Жиын барысында еліміздің 2024 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы қорытындыланып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалады.