Ұлттық ұлан сарбаздары - Павлодарда
"Ertis Promenade" сахнасында алғаш рет әскерилердің концерті өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Тамылжыған ән мен рухты көтеретін биімен талайды тамсандырған Ұлттық ұлан сарбаздарының концерт қала күніне орай ұйымдастырылды.
№5512 әскери бөлімінің клуб меңгерушісі Елдос Қабрашитовтың айтуынша, іс-шара ең әуелі Ұлттық ұланның имиджін көтеру, әскери қызметтің маңыздылығын арттыру мақсатында ұйымдастырылды.
Сақшылар Қазақстан халықтарының және ұлттық әндерін орындап, теңіз билерін көрерменге тарту ете отырып, өздерінің вокалдық және хореографиялық қабілеттерін көрсетті. Құрметті қарауыл ротасы қарудың тек шабуыл мен қорғаныс құралы ғана емес екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
- Бұл бәріміз үшін ерекше сый болды, - деді Павлодар қаласы әкімінің орынбасары Светлана Гладышева әскерилерге алғысын білдіре тұрып. – Біз үнемі сахнадан әртістерді көріп үйреніп қалғанбыз. Көбіне мұнба басқа облыстардан келетін еді. Бірақ «Ertis promenade» сахнасында алғаш рет жауынгерлер өнер көрсетті. Бұл қала күні қарсаңында біздің тұрғындарға жасалған тамаша сый болды. Біз сіздердің өнерлеріңізден нағыз шеберлікті, таза өнерді әрі жауынгерлердің сан қырлы болатынын көрдік.
Сондай-ақ облысқа Ұлттық ұланның бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Қайрат Үмбетов келді. Ол павлодарлық Қарулы Күштер ардагерлеріне барып, қаза тапқан ішкі істер органдарының қызметкерлері мен Ұлттық ұлан жауынгерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Генерал-майор Қайрат Үмбетовті көпшілік дара тұлға, әрі қаһармантретінде жақсы таныйды. Ол полковник шенінде болғанда оқу-жаттығу кезінде граната жарылысы болғанда бір жауынгерді денесімен жауып, құтқарып қалған. Солдат гранатаны қатты лақтырмай, ол окопқа түскен болатын.
Құрметті қонақ павлодарлықтарға ерекше қолдауы үшін алғысын білдірді.