Павлодарлық жазушы әрі журналист Юрий Поминов 70 жасқа толды

Павлодарлық жазушы әрі журналист Юрий Поминов 70 жасқа толды
Суреттерді түсірген Валерий Бугаев

Бүгін облыс әкімдігінде мерейтой иесі – жазушы әрі журналист, журналистік және бірқатар әдеби сыйлықтардың лауреаты, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткеріне құрмет көрсетілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, Асайын Байханов мерейтой иесін құттықтап, өңірдің әлеуметтік-мәдени дамуы мен қоғамдық-саяси өміріне қосқан баға жетпес үлесі үшін алғыс айтты.

Юрий Поминов 1988 жылы 35 жасқа толған кезде облыстық «Звезда Прииртышья» газетінің редакторы болып тағайындалды, ол еліміздегі облыстық газеттің ең жас редакторы болды.

- «Звездочка» сізбен бірге отандық журналистиканың кәсіби классикалық газетінің символына айналды. Өміріңіздің ең қиын кезеңдерінде де Сіз өз кәсібіңізді өзгерткен жоқсыз. Бұл таңдалған іске деген адалдықты білдіреді, - деп атап өтті Асайын Байханов.

Облыс әкімі мерейтой иесінің Павлодар өңірінің журналистикасын дамытуға қосқан баға жетпес үлесін ерекше атап өтті.

Сіздің басшылығыңызбен газетте және Сіз оқытқан жоғары оқу орындарындағы кадрлардан республикалық басылымдарда танымал және сұранысқа ие болған журналистер өсіп-өнді, - деді Асайын Байханов.

Қазақстан Журналистер одағының облыстық филиалын дамытудың жарқын кезеңі Юрий Поминов басқарған кез болды. Көптеген жас журналистерге жұмыста және өмірде көмек көрсетілді.

Юрий Дмитриевич - ойлы және зерек жазушы, зерттеуші ретінде де нақты кейіпкерлердің, жерлестерінің жарқын және есте қаларлық бейнелерін жасай алады. Ол жазған жиырмадан астам кітап облыс өмірінің шежіресі, көп жылдық шығармашылық еңбектің жемісі.

Қазіргі уақытта Юрий Дмитриевич өзі қызмет еткен «Звезда Прииртышья» газетінде айдарлар жүргізуді жалғастыруда, мұнда ол 18 жылдан бері редактордың жазбаларын жариялап келеді. Жақында 1988 жылдың аяғынан бастап бүгінгі күнге дейінгі аймақтың ең жаңа шежіресін сипаттайтын «Редактордың жазбалары» атты тоғызыншы кітабы жарық көрді.

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Әлихан Смайылов пен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр мерейтой иесіне жүрекжарды жылы лебіздерін жолдады.