Донна Анна мен Микаэла: павлодарлық әнші сюрприз дайындап жатыр

Гастрольдік сапар Қазақстаннан басталады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодарлық опера дивасы Мария Мудряк ауқымды гастрольдік бағдарламаға дайындалуда. Әншінің өзі Instagram парақшасында атап өткендей, биыл ол шығармашылықтың жаңа көкжиектерін игеруге даярлануда.
- Чемодандар дайын. Менің тоқтаусыз шеруім жыл соңына дейін созылмақ. Үш жаңа рөл. Бірінші аялдама – Қазақстан, – деп жазды Мария Мудряк.
Одан кейін Қытайдың Пекин мен Сиань қалаларында, одан кейін Италияда «Дон Жуан» операсындағы Донна Анна мен «Кармендегі» Микаэланы сомдайтын концерттері болады. Желтоқсан айында павлодарлық әнші өз шығармашылығын сүюшілерге тосын сый дайындап жатыр. Анық-қанығы әлі ашылмауда.
Естеріңізге сала кетейік, Мария Мудряк павлодарлықтарға бала кезінен вокалдық талантымен танымал. Елімізде өткен түрлі балалар ән байқауларында бірнеше рет жеңімпаз атанды. Ел басшылығының және жеке Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауының арқасында Миландағы Жоғары музыка академиясында білім алды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мария Мудряктың ұлттық мәдениетті шетелде ілгерілету мен жаңғыртуға қосқан орасан зор үлесін атап өтті.
Өткен жылдың желтоқсан айында Мария Мудряк тележүргізуші Майя Бекбаева, этнограф Айгерім Мұсағажинова және археолог Дмитрий Воякинмен бірге Қазақстанның ізгі ниетті елшілері қатарына қабылданды.
2024 жылы павлодарлық Моцарт операсында, Италияның Моденадағы Паваротти-Френи тарихи театрында ойнады. Содан кейін оның қойылымы жергілікті баспасөзде жағымды пікірлер алып, таң қалдырды. 2025 жылдың наурыз айында әнші Павлодарда жергілікті көрермен алдында өнер көрсетті.