12 қыркүйекте Павлодар облысында күн ашық болады

12 қыркүйекте Павлодар облысында күн ашық болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9-14 метрді құрайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, облыс бойынша температура түнде +3...+ 8°C, күндіз + 12...+17°C көрсетеді. Жауын-шашын күтілмейді. 

Павлодарда сынап бағанасы түнде +5...+ 7°C, күндіз + 13...+ 15°C көрсетеді. Айнымалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.