Павлодар облысынан елордаға дейінгі тас жол уақытша жабылады
Оның себебі ауа райының қолайсыздығы болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Автокөлік жолы Павлодар облысының Шідерті кентінен Ақмола облысының шекарасына дейін жабылады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар департаментінде ескертілді.
Көліктің барлық түрлеріне арналған жол сағат 20:00-де жабылады. Оның себебі – Ақмола облысындағы ауа райының нашарлауы, тас жолда бұрқасын салдарынан жол көрінбейді.