15 қазанда Павлодар облысында күн бұлтты болады

15 қазанда Павлодар облысында күн бұлтты болады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыс бойынша түнде ауа температурасы -1…-6°C болады. Жауын-шашын күтілмейді. Өңірдің батысында, оңтүстігінде және орталығында тұман түседі.

Күндіз сынап бағаны +3…+8°C дейін көтеріледі. Жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Павлодар қаласында түнде ауа температурасы -2…-4°C-қа дейін төмендейді. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы +5…+7°C болады. Ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз болады.