Павлодарда география пәні бойынша үздік оқушылар анықталды
Облыстық олимпиадаға 100-ге жуық оқушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы 7-8 сынып оқушылары арасында география пәнінен Ұлттық олимпиаданың облыстық кезеңін өткізді. Олимпиадаға облысымыздың 93 оқушысы қатысты. Оның ішінде 45 бала 7-сыныптан болса, 8-сыныптан 48 оқушы бақ сынады.
- Олимпиаданың мақсаты - географиялық білімнің, дағдылардың және географиялық зерттеулер белсенділігінің сапасына назар аудара отырып, оқушылардың пәнді тереңдетіп оқуға деген қызығушылығын арттыруды көздейді, - делінген хабарламада.
Білім додасының қорытындысы бойынша 24 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Оның ішінде 1-орынға 4, 2-орынға 6 және жүлделі 3-орынға 14 оқушы лайық болды.
География пәнінен Ұлттық олимпиадасының облыстық кезеңінде І орын алған төрт оқушы республикалық кезеңге жолдама алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі www.ertisdaryn.kz сайтта жарияланған.