22 қазанда Павлодар облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады
Жел солтүстік-батыстан соғып, жылдамдығы секундына 9–14 метрге жетеді. Күндіз жел екпіні 15–20 метрге дейін күшеюі мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы 0…+5 градус, облыстың оңтүстігінде -2 градусқа дейін төмендейді.
Күндіз ауа температурасы +3…+8 градус аралығында болады. Өңірде жаңбыр мен қар жауып, облыстың оңтүстігі мен орталығында қар күтіледі.
Павлодар қаласында түнде ауа температурасы 0…+2 градус, күндіз +4…+6 градус болады деп болжанады. Күн бұлтты болып, жаңбыр мен қар жауады, көктайғақ күтіледі.