Павлодарлықтар еңбекке жарамсыздық парағын сақтандырусыз рәсімдей ала ма

Павлодарлықтар еңбекке жарамсыздық парағын сақтандырусыз рәсімдей ала ма
Фото: newsroom.su

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметкерлері бұл сұраққа жауап берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ӘМСҚ облыстық филиалы баспасөз қызметінің мәліметінше, егер пациенттің еңбекке жарамсыздығын анықтау немесе растау үшін МӘМС жүйесінде медициналық қызмет көрсету талап етілмесе, онда еңбекке жарамсыздық парағын тегін медициналық көмектің кепілді көлемі шеңберінде рәсімдеуге болады.

Мысалы, сақтандырылмаған науқаста ЖРВИ белгілері пайда болып, ол фильтр кабинетіне немесе учаскелік дәрігерге қабылдауға жүгінді делік. Егер диагнозды белгілеу үшін арнайы маманға жолдама немесе МӘМС пакетіне кіретін диагностикалық зерттеулер талап етілмесе, онда пациентке учаскелік дәрігер еңбекке жарамсыздық парағын бере алады, – делінген хабарламада.

Алайда, егер емдеуді одан әрі жалғастыру немесе қосымша зерттеулер жүргізу үшін міндетті медициналық сақтандыру тізіміне енгізілген медициналық қызметтерді алу қажет болса, онда мұндай пациентке міндетті медициналық сақтандыру жүйесінде сақтандыру мәртебесін алу қажет болады.