27 шілдеде Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды

27 шілдеде Павлодар облысында дауылды ескерту жарияланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, өңірдің батысында, солтүстігінде, шығысында найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. 

Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында күші секундына 15-20 метрге дейін жетеді. 

Ауа температурасы түнде +18..+23, күндіз +27..+32 градус ыстық болады. 

Павлодар қаласында түнде және таңертең найзағай ойнайды. Түнде +19..+21, күндіз +29..+31 градус күтіледі.