Ақсуда зейнеткер әйел құтқарылды

Ақсуда зейнеткер әйел құтқарылды
Фото: Константин Шелков

Ол ұзақ уақыт бойы көршілеріне есік ашпады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

27 қазан күні облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Ақсу қаласының Әуезов көшесіндегі үйде тұратын қарт әйел пәтер есігін ашпайтыны туралы хабарлама келіп түсті.

Құтқарушылар оқиға орнына дереу келді. Олар пәтерге екінші қабаттың терезесі арқылы кіріп, жатын бөлмесіндегі төсек орында 77 жастағы қарт әйелді тауып, медицина қызметкерлеріне хабарласты.

Зейнеткер алдын ала микроинсульт диагнозымен Ақсу ауруханасына жатқызылды.